КӘДІМГІ ТҮЙМЕШЕТЕН (TANACETUM VULGARE) ГҮЛІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ АНЫҚТАУ

Авторы

  • А.Н. Турдыбаева⃰ М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Н.К. Сарыпбекова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Г.Н. Тобағабылова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n08

Ключевые слова:

кәдімгі түймешетен, биологиялық белсенді заттар, құрғақ сығынды, ИҚ спектр, терпеноидтар, флавоноидтар, туйон

Аннотация

Бұл мақалада дәрілік өсімдік болып табылатын кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare) гүлдеріндегі биологиялық белсенді заттарды анықтау қарастырылды. Зерттеу барысында өсімдік шикізатынан құрғақ сығынды алынып, ИҚ спектрі ShimadzuIRPrestige-21 FTIR спектрометрін пайдаланып анықталды. Кәдімгі түймешетеннің (Tanacetum vulgare)  құрамындағы негізгі белсенді заттар — терпеноидтар (туйон, камфора) және флавоноидтар (лютеолин, кверцетин және олардың гликозидтері) бар. Бұл деректер түймешетен гүлін фармацевтикалық және медициналық мақсатта қолдану мүмкіндігін дәлелдейді. Дәрілік өсімдік шикізатында флавоноидтар полисахаридтермен, эфир майларымен, сапониндермен, кездеседі. Флавоноидты гликозидтер құрамындағы  органикалық қышқылдар, терпендер, антиоксиданттық қасиетін беретін фенолды қосылыстарға бай. Кәдімгі түймешетен құрамындағы эфир майы құрысуды, құсуды және жатырдан қан кетуді тудырады. Гүлдері гельминттерге қарсы, ыстықты түсіреді, жапырақтары 1,8-цинол хемотипінің майларын шығарады, ал гүлшоғырлары камфора немесе миртенол майларын биосинтездейді. Зерттеудің мақсаты кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare) гүлдеріндегі биологиялық белсенді заттарды анықтау.

 

Биографии авторов

  • А.Н. Турдыбаева⃰, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

  • Н.К. Сарыпбекова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    х.ғ.к., профессор

  • Г.Н. Тобағабылова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    техникалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы

Опубликован

2026-06-26

Выпуск

Раздел

ХИМИЧЕСКИЙ ИНЖИНИРИНГ

Как цитировать

КӘДІМГІ ТҮЙМЕШЕТЕН (TANACETUM VULGARE) ГҮЛІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ АНЫҚТАУ. (2026). ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА, 2, 61-67. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n08