КӘДІМГІ ТҮЙМЕШЕТЕН (TANACETUM VULGARE) ГҮЛІНЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ АНЫҚТАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n08Keywords:
кәдімгі түймешетен, биологиялық белсенді заттар, құрғақ сығынды, ИҚ спектр, терпеноидтар, флавоноидтар, туйонAbstract
Бұл мақалада дәрілік өсімдік болып табылатын кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare) гүлдеріндегі биологиялық белсенді заттарды анықтау қарастырылды. Зерттеу барысында өсімдік шикізатынан құрғақ сығынды алынып, ИҚ спектрі ShimadzuIRPrestige-21 FTIR спектрометрін пайдаланып анықталды. Кәдімгі түймешетеннің (Tanacetum vulgare) құрамындағы негізгі белсенді заттар — терпеноидтар (туйон, камфора) және флавоноидтар (лютеолин, кверцетин және олардың гликозидтері) бар. Бұл деректер түймешетен гүлін фармацевтикалық және медициналық мақсатта қолдану мүмкіндігін дәлелдейді. Дәрілік өсімдік шикізатында флавоноидтар полисахаридтермен, эфир майларымен, сапониндермен, кездеседі. Флавоноидты гликозидтер құрамындағы органикалық қышқылдар, терпендер, антиоксиданттық қасиетін беретін фенолды қосылыстарға бай. Кәдімгі түймешетен құрамындағы эфир майы құрысуды, құсуды және жатырдан қан кетуді тудырады. Гүлдері гельминттерге қарсы, ыстықты түсіреді, жапырақтары 1,8-цинол хемотипінің майларын шығарады, ал гүлшоғырлары камфора немесе миртенол майларын биосинтездейді. Зерттеудің мақсаты кәдімгі түймешетен (Tanacetum vulgare) гүлдеріндегі биологиялық белсенді заттарды анықтау.