НИКЕЛЬ ФОСФИДІ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0010nuКілт сөздер:
химиялық қаптама, майсыздандыру, татын кетіру, үйкеліс коэффициенті, тұрақтылықАңдатпа
Мақалада химиялық әдіспен алынатын никель фосфиді қаптамасының қасиеттері келтірілген. Тұрақтылығы жоғары, қорғаныш және қорғаныш-сәндік қаптамаларды тұндыруда никель фосфиді қаптамасы кеңінен қолданылады. Химиялық никельдеу кезінде күрделі конфигурациялы беттердің өзінде тегіс қаптамалар алынады. Никель фосфиді қаптамасының құрамында фосфордың болуы оларды беріктік, коррозиялық және соққыға төзімділік қасиеттермен қамтамасыз етеді, сондықтан никель фосфиді қаптамалары кең қолданысқа ие болған. Никель фосфиді ерітіндісіне лигандалар, буфер ерітінділері, тұрақтандырғыштар, жылтыр түзушілер және басқалар қосылады. Мақалада никель фосфидін алудың технологиясық сызбасы келтіріліп, осы сызба бойынша процесстің жүруі ашылып жазылған. Сонымен қатар, технологиялық есептеулердің нәтижелері жазбаланған. Атап айтқанда есептеулер негізгі және қосымша қондырғыларға, химикаттардың шығындарына жүргізілген. Никель фосфиді қаптамасын алу процесінде қолданылатын ваннаның, ілгіштің өлшемдері анықталған.