ӨСІМДІК ТЕКТІ МАЙЛАР МЕН МАЙ СЫҒЫНДЫЛАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ АНЫҚТАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0007nuКілт сөздер:
Өсімдік майлары, май сығындылары, липидтер, биологиялық белсенді заттар, каротиноидтар, стандарттау, токоферолдарАңдатпа
Соңғы жылдары фармацевтикалық өндіріс саласында өсімдік майлары мен майлы экстрактілерге деген сұраныс айтарлықтай артып келеді. Өсімдік бөліктерінен алынатын липидті кешендердің құрамында токоферолдар, каротиноидтар, фитостеролдар, фосфолипидтер және гликолипидтер сияқты құнды биологиялық белсенді қосылыстар теңгерімді түрде кездеседі. Сонымен қатар табиғи липидтер үнемі жаңарып отыратын табиғи шикізат көзі болып табылады.
Осыған байланысты әртүрлі өсімдік майлары мен майлы экстрактілердің сапасын сипаттайтын физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау және бағалау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында олардың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың мөлшері анықталып, майлардың белсенді компоненттері мен олардың сақтау барысында тұрақтылығы қарастырылды. Сонымен бірге сақтау кезеңінде майлар құрамындағы липидті кешеннің сапалық өзгерістерінің динамикасы зерттелді.
Алынған нәтижелер негізінде өсімдік майлары мен майлы экстрактілердің сақталу мерзіміне қатысты өндірушілер ұсынған көрсеткіштер мен фармакопеялық талаптардың арасындағы айырмашылықтарды ғылыми тұрғыдан негіздеу жұмыстары жүргізілді. Тәжірибе нәтижелері сақтау процесі кезінде майлар мен май қоспаларының липидті кешенінің сапасы біртіндеп төмендейтінін көрсетті.