РЕАКТИВТІ ҮШКАЛЬЦИЙФОСФАТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0006nuКілт сөздер:
үшкальцийфосфаты, минералдық тыңайтқыш, қоспа, фосфор, бейорганикалық қосылыс, өндіріс, фосфаттар, бейтараптандыруАңдатпа
Мақалада үшкальцийфосфаттың негізгі қасиеттері, қолданылуы және алу әдістері келтірілген. Үшкальцийфосфаты табиғи минералдардың құрамында - апатитте, фосфоритте болады. Өнім суперфосфаттан алынатын преципитатқа ұқсас, сүйек күлі немесе сүйек көмірі түрінде қолданылуы мүмкін және құстар мен ірі қара малдардың жемдеріне қоспа ретінде пайдаланылады. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жемге азық қоспалары ретінде қосылып пайдаланылады. Қазіргі уақытта құрамында фосфор және кальциі бар жемге қоспа ретінде қосылатын заттардың мөлшерін реттейтін барлық елдерде қабылданған арнайы стандарттар бар. Фосфор негізіндегі алынған тағамдық қоспаларды пайдалану, ол өнімділікті атап айтқанда жануарлардың өнімділігін айтарлықтай арттырады: сүт сауымын ұлғайтады, дене салмағын жоғарылатуды жылдамдатады. Мақалада үшкальцийфосфатын алудың технологиялық сызбасы және материалдық балансты есептеуде алынған нәтижелері келтірілген.