ІС-ШАРАЛАРДЫ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҮШІН UX/UI ДИЗАЙН ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ҚҰРУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0016nuКілт сөздер:
UX/UI дизайн, accessibility, интерфейс, навигация, мобильді қосымшаАңдатпа
Қазіргі цифрлық дәуірде іс – шараларды ұйымдастыру күрделі және уақытты қажет ететін процесс. Қатысушыларды тіркеу, Билеттерді тарату, ақпараттандыру және іс-шараның барысын бақылау заманауи технологияларды тиімді пайдалануды талап етеді. Дәстүрлі әдістер көп уақытты қажет етеді және жиі қателіктерге әкеледі. Бұл тұрғыда UX/UI дизайн әдістерін қолдана отырып жасалған мобильді қосымшалар осы процестерді жеңілдетуге және пайдаланушыларға ыңғайлы платформа құруға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты бірнеше негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту-интуитивті интерфейс және тиімді навигация қатысушыларға қосымшаны тез үйренуге көмектеседі. Ақпараттың құрылымдалуы-оқиға туралы маңызды деректерді бір жерде сақтау және хабарламаларды уақтылы жіберу мүмкіндігі. Тиімді басқару-ұйымдастырушылар қатысушылардың санын бақылауға, билеттерді сатуды басқаруға және іс-шараның барысын оңтайлы жоспарлауға мүмкіндік алады.Осылайша, UX/UI дизайн әдістерін ескере отырып жасалған мобильді қосымшалар іс-шараларды ұйымдастырудың сапасын және пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін арттырады.