АЮСАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ КОНДИЦИЯЛЫ ЕМЕС БОКСИТТЕРІНЕН ФЕРРОҚОРЫТПА АЛУДЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ

Авторлар

  • Г.Е. Каратаева М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • В.М. Шевко М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Г.А. Битанова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Қ.М. Полатова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.04.006nu

Кілт сөздер:

термодинамикалық модельдеу, кондициялы емес боксит, көміртегі, темір, ферросилиций, лигатура

Аңдатпа

Қазақстанның Аюсай кен орнының бокситтерінен ферроқорытпа алудың зерттеу нәтижелері келтірілген. Термодинамикалық модельдеу зерттеуі кезінде HSC-6.0 Chemistry бағдарламалық кешені қолданылды, ол Гиббс энергиясын минимизациялау принципіне негізделген. FeSi25 маркалы ферросилицийдің түзілуі 1700 - 1800°C температура аралығында және темірдің 26%, 36% мөлшерінде байқалады. FeSi25 маркалы ферросилиций 1700-1800°C температураларда және шихтадағы темір 26% құрағанда түзіледі, ал қорытпада металдардың концентрациясы 26,2-27,9% Si, 0,2-1,4% Al аралығында болады. 36% теміржәне 1700-1800°C температура кезінде маркалық ферросилиций (FeSi25) түзіледі, оның құрамындағы кремнийдің концентрациясы 22,3%-дан 23,7%-ға дейін, алюминийдің концентрациясы 0,2%-дан 1,1%-ға дейін болатыны табылды. Шихтадағы темір мөлшері 16% - 36% аралығында болғанда, кремний мен алюминийдің ферроқорытпаға өту дәрежесі артады, нәтижесінде кремний 93,7%-ға, ал алюминий 47,3%-ға жететіндігі анықталды. Материалдық балансқа сәйкес, 100 кг бокситтен 61,2 кг маркалық ферросилиций алу мүмкіндігі бар.

 

Автор өмірбаяндары

  • Г.Е. Каратаева, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

  • В.М. Шевко, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.д., профессор

  • Г.А. Битанова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., доцент

  • Қ.М. Полатова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-18

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР