CHLORELLA SOROKINIANA МИКРОБАЛДЫРЛАР НЕГІЗІНДЕ ПОЛИҚАНЫҚПАҒАН МАЙ ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ БИОСИНТЕЗІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2024.04.014nuКілт сөздер:
Chlorella sorokiniana, культивирлеу, микробалдырлар, продуцент, биосинтезАңдатпа
Жұмыста Сhlorella sorokiniana микробалдырлардың культивирлеу жағдайларын полиқанықпаған май қышқылдарының синтезіне әсері зерттелді. Барлық Сhlorella штамдарының ішінде Сhlorella sorokinianа омега (ω)-3 және ω-6 полиқанықпаған май қышқылдары алу үшін ең қолайлы болып табылады. Липидтердің бай құрамы полиқанықпаған май қышқылдарының, атап айтқанда эйкозапентаен, докозагексаен қышқылдарының биологиялық қоспасы ретінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Полиқанықпаған май қышқылдарының синтезінде С. sorokinianа балдырлардың культивирлеу факторларлардың әсері зерттелді. Сәйкес келетін оптималды температура мәні (25 - 270С), рН (7,7-8,0), жарықтандыру (2000-3000 люкс) және араластыру жылдамдығы (20 айн/мин) кезінде бөлініп алынатын биомассаның докозагексаен қышқылының биосинтезін тиімді іске асыратын параметрлер анықталды. Жоғары май қышқылдарын (көміртегі атомдарының саны 16-дан асатын) талдау нәтижелері полиқанықпаған май қышқылдарының С18:1, С18:2, С18:3, С20:3, С20:4, С20:5, С22:6 омега-3 (эйкозопентаен, докозагексаен, линолен қышқылдары) түріндегі басым болуымен қанықпаған май қышқылдарының болуын көрсетеді.