ТЕРПЕНТИН МАЙЫНЫҢ МИНЕРАЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • М.М. Нарманов М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Б. Шора М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.01.006nu

Кілт сөздер:

скипидар жақпа майы, терпентин, димексид, эмульсия, фармакология, дәрілік препарат, мемлекеттік фармакопея

Аңдатпа

Жақпа майлар қазіргі заманғы медицинада өз маңызын жоймаған ең көне дәрілік формалардың бірі болып табылады. Жақпа майлар– теріге және жараларға жағуға арналған негізбен біркелкі араласқан дәрілік заттардан тұратын жұмсақ дәрілік форма. Жұмыс барысында бірқатар ревматикалық ауруларда, буын және бұлшықет әлсіздігінде, миалгияда, невралгияда, тыныс алу органдарының ауруларында кешенді қолдануға арналған жергілікті қабынуға қарсы препараттарды жасау мақсатында скипидар майын дайындау әдістері әзірленді және оның сапа көрсеткіштері зерттелді. Атомдық адсорбция әдісімен скипидар майының минералдық құрамын, скипидар майының негізгі құрамдас бөлігін және макро- және микроэлементтердің сандық құрамын зерттеу әдісі әзірленді. Зерттеу нәтижелері химиялық элементтердің құрамы фармакопеялық стандарттарға сәйкес келетінін көрсетті.

Сонымен қатар, скипидар майына сапалы талдау жүргізіліп, оның аналитикалық сипаттамаларға сәйкестігі анықталды. Қышқыл саны скипидар майының негізгі сандық көрсеткіші ретінде анықталды.

Нәтижесінде скипидар майының сапа көрсеткіштері анықталып, оның нормативтік құжат талаптарына сәйкестігі зерттелді.

 

Автор өмірбаяндары

  • М.М. Нарманов, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    х.ғ.к., доцент

  • Б. Шора, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-05

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР