ФОТОХИМИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІРУ АРҚЫЛЫ ПОЛИЭТИЛЕН БЕТІНЕ МЫС ҚАБЫҚШАСЫН ТҰНДЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n04Кілт сөздер:
фотохимия, мыс, полиэтилен, белсендіру, металдандыру, қабықша, мыстау, электр өткізгіштікАңдатпа
Қазіргі таңда техника мен технологияның бірқатар маңызды салаларында полимер материалдарды метализациялау үрдісі кең қолданыста. Полимер материалдарын метализациялау – металл қабықшамен қапталған полимердің кейбір кемшіліктерін жойып, жаңа көпфункционалды материал синтездеу болып табылады. Өнеркәсіптік масштабтағы полимерлерді метализациялау үрдісі салыстырмалы түрде жақында, электропластиктерді қолдану үшін арнайы жасалған полимер материалдарын шығарғаннан кейін игеріле бастады. Полимерлер мен олардың композиттері жеңілдігі, құны және технологиялық артықшылықтарының арқасында аэроғарыш, автомобиль, медицина, электронды және спорт салаларындағы құрылымдарды жобалау үшін кеңінен қолданылады. Дегенмен, полимерлі материалдардың бетінде әдетте олардың беріктігі мен функционалдығын шектейтін ішкі кемшіліктер болады, мысалы, тозуға төзімділігі төмен, жылу мен электр өткізгіштігі төмен, адгезиясы төмен, биологиялық белсенділігі төмен, шағылыстырғыштығы төмен және фотохимиялық төзімділігі төмен. Полимерлі металдандыру - бұл кемшіліктерді полимер беттерінде металл қаптаманы қалыптастыру арқылы жоятын жаңа шешім болып табылады.
Бұл мақалада полимер материалының бетіне металл нанобөлшектерінің тұндыру үшін мыс топшасы элементтері қосылыстарының әртүрлі концентрациялы ерітінділерінің жұқа сіңірімділік қабаттарын алудағы фотохимиялық үрдістердің әсері зерттелді. СuCI2 ерітіндісі сіңіріліп, күн сәулесі фотондарының әсерінен полимер бетінде мыс металының дисперсті бөлшектері тұнатыны көрсетілген. Осы кезде артық қиындықтар мен тиімсіздік туындататын химиялық тотықсыздандырғыштарды қолдану қажеттілігі жойылады. CuCI2 ерітінділерімен өңделген полимерлер материалдарда күн сәулесі фотондары әсерінен сәйкесінше мыс және күміс наноөлшемді бөлшектері түзіледі. Мұндай үрдістер полимер молекулаларының қатысуымен жүзеге асады, маңыздысы химиялық тотықсыздандырғыштарды қолданудың қажеттігі жоқ. Сонымен қатар, мыс хлориді аскорбин қышқылының қосымша фотохимиялық реакцияның жүзеге асуы арқылы элементтік мыс бөлшектерін синтездеуге болатыны анықталды. Күн сәулесі фотондарының әсерімен бетті фотохимиялық белсендіру әдісін қолдану арқылы полимерлерді металдандырудың маңызды тұстары нақты берілген.