ҚАҚТАЛҒАН СОДА ӨНДІРІСІНІҢ ДИСТИЛЛЕР СҰЙЫҚТЫҒЫ ЖАРТЫ ГИДРАТТЫ КАЛЬЦИЙ СУЛЬФАТЫН АЛУ ПРОЦЕССІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.04.n03Кілт сөздер:
қақталған сода, дистиллер сұйықтығы, гипс, жартыгидратты кальций сульфатыАңдатпа
Қақталған сода өндірісінде үлкен мөлшерде дистиллер сұйықтығы бөлінеді және ол толығымен қайта өңделмейді. Ол өнідіріс қалдығы ретінде қалдықтар қоймасында жиналуда. Мұндай қалдықты жан жақты өңдеу толық жолға қойылмаған, сондықтан оның тиімді өңдеу жолдарын зерттеп қарастыру қажет. Дистиллер сұйықтығының құрамындағы кальций хлориді мен натрий сульфатының әрекеттесу рекциясының термодинамикалық көрсеткіштері температур 0-100ОС (273-373К) аралығында есептеліп реакциялардың DGт0 мәні теріс санға тең және ол кальций хлориді мен натрий сульфатының әрекеттесіп NaCl, CaSO4.О,5H2O, CaSO4.2H2O, MgSO4 және NaOH түзілу мүмкіндігін көрсетеді. Температура өскен сайын реакцияның жүру мүмкіндігі төмендейді, өйткені DGт0 теріс мәні азаяды. Зерттеу нәтижесінде тұнбаның негізгі құрамында СаО және SO42- кальций сульфаты CaSO4.О,5H2O қосылысы түрінде болатындығы зерттеліп анықталды. Кальций хлоридінің натрий сульфатымен әрекеттесіп температура 95°С ыдырау дәрежесі 96,4% құрады. Тұнбаның құрамындағы CaSO4.О,5H2O түзілуі РФА және РЕМ арқылы талдау жасалып дәлелденді.