Ca-O-C ЖҮЙЕСІНІҢ ІШІНАРА ҚЫСЫМ ДИАГРАММАЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2024.04.001nuКілт сөздер:
парциалды қысым диаграммасы, температура, кальций оксиді, кальций карбиді, кальций, көміртегі оксидтеріАңдатпа
Бұл мақалада фосфат-кремнийлі шикізаттан кальций карбидін алу процесіне арналған Ca–O–C жүйесінің термодинамикалық талдауының нәтижелері ұсынылған. Талдау 1600–2100 °С температура аралығындағы конденсацияланған (Ca, CaO, CaC₂) және газ тәріздес (CO және CO₂) фазалар арасындағы химиялық тепе-теңдіктерді қамтиды. Кальций карбидінің CaO-дан тікелей немесе алдымен металл кальций түзе отырып алыну шарттарын сипаттайтын жазықтықты және кеңістіктік парциалдық қысым диаграммалары тұрғызылды. Үш конденсацияланған және екі газ тәріздес фазалар арасындағы әрекеттесуді сипаттайтын инвариантты тепе-теңдік нүктесі мен сызығы анықталды. Кальций карбидінің тұрақтылық аймағына температура мен CO₂/CO парциалдық қысымдарының арақатынасы әсер ететіні анықталды. lgPCO мәні артқанда lgPCO₂/lgPCO қатынасы азайып, CaO түзілуі күшейеді; ал lgPCO мәні азайғанда бұл қатынас артып, CaC₂ түзілуіне қолайлы жағдай туады. Инвариантты тепе-теңдік температурасына парциалдық қысымдар қатынасының әсерін сипаттайтын теңдеу алынды. Алынған нәтижелер кальций карбидін жоғары температурада синтездеу жағдайларын оңтайландыруға және кальций құрамды (соның ішінде фосфатты) шикізатты термиялық өңдеудің теориялық негіздерін кеңейтуге мүмкіндік береді.