ИТМҰРЫН ЖЕМІСТЕРІ СПИРТТІ СЫҒЫНДЫСЫНАН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫ АНЫҚТАУ

Авторлар

  • Г.Н. Тобагабылова «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Автор
  • Р.Е. Ботабаева «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Автор
  • Н.С. Жанабаев «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Автор
  • У.С. Алимова С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Автор
  • Б.И. Турсубекова «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.01.010nu

Кілт сөздер:

Итмұрын жемістері, флавоноидтар, аскорбин қышқылы, спиртті сығынды, сулы сығынды, дәрумендер

Аңдатпа

Итмұрын жемістері биологиялық белсенді заттарының көп болуымен ерекшеленеді. Құрамында флавоноидтар, С, В, В2, Р, РР, К дәрумендері, каротин, илік және пектинді заттар бар. Мақалада Түркістан облысында өсетін итмұрын жемістерінен алынған сулы, спиртті сығындылар құрамындағы биологиялық белсенді заттар мөлшерін анықтау туралы мәліметтер берілген.  Экстрагент ретінде тазартылған су, 40% этил спирті, 70% этил спирті қолданылып, итмұрын жемістерінен сығындылар алынды. Алынған сығындылар құрамындағы флаваноидтарды анықтауда   спектрофотометрия әдісі және аскорбин қышқылының мөлшерін анықтауда титриметрия әдісі қолданылды, нәтижелері салыстырмалы түрде көрсетілді. Флавоноидтардың биологиялық белсенділігінің кең спектрі, олардың химиялық құрылымының әртүрлілігімен байланысты. Флавоноидтар адам ағзасына антиоксиданттық, ангиопротекторлық, гепатопротекторлық, холеретикалық, диуретикалық, нейротропты және т.б.  маңызды фармакологиялық әсер көрсетеді. Осындай фармакологиялық әсерлері дәрілік өсімдік шикізаттарынан  жаңа дәрілік құралдарды жасау саласында қызығушылықты арттыруда.

Автор өмірбаяндары

  • Г.Н. Тобагабылова, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

    Оқытушы

  • Р.Е. Ботабаева, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

    PhD, доцент

  • Н.С. Жанабаев, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

    PhD, доцент

  • У.С. Алимова, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

    PhD, доцент

  • Б.И. Турсубекова, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ

    Оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-05

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР