БЕЛСЕНДІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН ШЕҢБЕРІНДЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ МУЛЬТИАГЕНТТІК ТӘСІЛДІ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2024.03.17nuКілт сөздер:
электр энергетика, мультиагент, энергетикалық жүйе, микрожелі, генераторлар, математикалық модельАңдатпа
Бұл мақалада электр энергетикасын технологиялық басқару міндеттерінде қолданылатын жасанды интеллект технологияларына аналитикалық шолу берілген. Энергетикалық мәселелерді шешу үшін көп агенттік жүйелерді қолданудың өзектілігі дәлелденді. Белсенді адаптивті желісі бар интеллектуалды энергетикалық жүйе тұжырымдамасы қарастырылуда. Белсенді энергетикалық кешен (БЭК) шеңберінде электр энергетикасы жүйесін басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы келтірілген. Орталықтандырылған басқарудың әзірленген принциптері жинақтаушы құрылғылар мен жаңартылатын көздерді пайдалана отырып, шағын тарату желілері – микрожелілер үшін толық қолданылмайтыны көрсетілген. Мақалада Қазақстандағы белсенді энергетикалық кешен микрожелілер тұжырымдамасының аналогы аясында сипатталған. Интеллектуалды басқарылатын қосылыстың (ИБҚ) қажетті функционалдығы зерттелді, сонымен қатар ИБҚ жұмысының алгоритмі құрылып, функцияларды жүзеге асыратын БЭК таратылған интеллектуалды мультиагентті басқару жүйесі сипатталған. Басқару жүйесін мультиагентті бағдарламалық қамтамасыз ету MATLAB / PSAT көмегімен жұмыс істейді.