GPS ТРЕКЕРЛЕРІН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2024.03.12nuКілт сөздер:
GPS трекері, навигатор, тиімділікті бағалау, мобильді қосымша, математикалық күтуАңдатпа
Бұл мақалада көлік тасымалы, көлік қозғалысын басқару ұйымдары үшін мобильді қосымша жасау міндеті қарастырылады. Бұл зерттеу жұмыс барысында GPS трекерлерін талдау мен зерттеу және оларды көлік құралдарын бақылау үшін қолдану мәселесі, Dart программалау тілі мен Firebase платформасында мобильді қосымшаларды жасау ерекшеліктері зерттелген. Dart программалау тілі арқылы әзірленген платформаларға назар аудара отырып, әртүрлі мобильді платформалар салыстырылған. Озық технологияларды қолдану жүкті жеткізу уақытын қысқартып қана қоймай, тұтынушылар арасында өзін танытуға мүмкіндік береді. GPS мониторингінің тұжырымдамасы мен мәніне ерекше назар аударылады. Бұл мақалада GPS тұжырымдамасы, негізгі қосымшалар, бәсекелестер, оның жұмыс істеуі, логистикада GPS трекерін қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланады.