ҚҰБЫРДАҒЫ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕЛЕР

Авторлар

  • М.О. Балабекова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • К.Н. Өмірзақ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Д.Н. Тургенбаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • С.Д. Нурмагамбет М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2024.03.07nu

Кілт сөздер:

газ, тасымалдау, зияткер, автомат, жүйе, ақпарат, бақылау, басқару, интернет, дерек

Аңдатпа

Мақалада құбырдағы газды тасымалдауға арналған зияткерлік автоматты жүйелер қарастырылған. Зияткерлік автоматты жүйелер күрделі мәселелерді нақты орталарда тиімді шешуге бағытталған, оларға заттар интернеті, ұтқыр сысмсыз желілер, жасанды зият, роботты техника, бейне талдама, компьютер көмегімен тану және көру, толықтырылған шындық технологиялары жатады. Зияткерлік автоматты жүйелер бүгінгі таңдағы кең етек алып келе жатқан технология, жеделдетілген технологиялық талаптарға сәйкес адам мен ұйымдардың өзара байланыс қажеттіліктерін қанағаттандырады. Зияткерлік автоматты жүйелер әртүрлі физикалық, цифрлық және адам потенциалын тұтастандыратын ортақ мақсатты көздейді, жүйе құрамдастар қатынасын қайта ұйымдастыру, өзара әрекеттесуге бағытталған. Бүгінгі таңдағы көптеген компаниялар өздерінің жұмыс үлгілерін компьютер мен адам арасында тұтас ортаға бейімделу талаптарын коюда. Зияткерлік автоматты жүйелер өздерінің құрамдастарының өзара байланысы мен қарым-қатынасына «сана» енгізуді көздейді. Зияткерлік автоматты жүйелер бірегей ортада жұмыс жасайды, ақпаратты қабылдау, құбырдағы газды тасымалдауды бақылау және басқару қабілетіне ие, оңтайлылық пен сенімділікке негізделген қағидаттарды және кез келген жағдаяттарға бейімделу қасиеттерін ұстанады.

Автор өмірбаяндары

  • М.О. Балабекова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    т.ғ.к., доцент

  • К.Н. Өмірзақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    магистрант

  • Д.Н. Тургенбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    аға оқытушы

  • С.Д. Нурмагамбет, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР