МЫРЫШ-ФОСФАТТЫ КОМПОЗИТТІ ЦЕМЕНТ ӨНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ФОСФОР ҚОЖЫН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • А.А. Абдуллин М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Б. Таймасов М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • А.Е. Қуандықова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Б.Б. Әміралиев М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.n01

Кілт сөздер:

фосфор қожы, мырыш фосфатты цемент, микроқұрылым, радиоактивтілік, композициялық материал

Аңдатпа

Елімізде стоматология саласына қажетті цементтер өндірілмейді және олардың барлық түрі шет мемлекеттерден импортталады. Ғылыми мақалада цинк фосфатты цемент алу мүмкіндігі және оған қосылатын фосфор қожының құрамы зерттелді. Фосфор қожының құрамында кездесетін фосфор оксиді мен фтор оксиді композициялық цемент алу барысында белсендендіргіш ретінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, фосфор қожының химиялық құрамы анықталып, оған рентгенофазалық және дифференциалды термиялық талдау жасалды. Дифференциалды термиялық талдау барысында 920 оС-та псевдоволластониттың экзотермиялық әсері байқалады. Расторлы электронды микроскопиялық талдау нәтижесінде де  элементтер адамның денсаулығына зиян келтіретін уран, торий және радий тәріздес радионуклидтердің жоқтығы дәлелденді. Фосфор қожын стоматологиялық мырыш фосфатты цемент алу саласында қолдану экологиялық мәселелерді шешуде ғана емес, сонымен қатар, күйдіру температурасын төмендетуге, стоматологиялық цемент бағасын арзандатуға және мырыш фосфатты цементтің физико-механикалық қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • А.А. Абдуллин, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    докторант

  • Б. Таймасов, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.д., профессор

  • А.Е. Қуандықова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    докторант

  • Б.Б. Әміралиев, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ