ФОСФОР ӨНДІРІСІНДЕГІ ФОСФАТ ШИКІЗАТЫНЫҢ АГЛОМЕРАЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.0005nuКілт сөздер:
агломерация, фосфор өндірісі, шикізатты дайындау, шикізатты күйдіруАңдатпа
Жоғары сапалы кен қорларының сарқылуы, яғни шикізат сапасының нашарлауы, жақсы техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар фосфор өндірісінің жұмысы пеш агрегаттарының жоғары қуаттардағы тұрақты жұмыс режимін ұйымдастыру кезінде ғана мүмкін, ал бұл бастапқы шикізатты тиісті дайындау жағдайында ғана қамтамасыз етіледі. Барлық фосфат шикізаты кенотермиялық агрегатқа берілгенге дейін пеш ваннасында өтетін жанама процестерге электр энергиясының шығындарын барынша қысқарту мақсатында алдын ала шыңдауға ұшырауы тиіс. Мақалада фосфат шикізатының агломерациясының мәні және процестің технологиялық параметрлері қарастырылған. Фосфорит шикізатын алдын ала қыздырудың оңтайлы нұсқасы ұсынылған. Агломератталған фосфат шикізатын электротермиялық өңдеу кезінде алынған котрельдік сүтті қолдана отырып, агломераттың химиялық және физикалық-химиялық талдауы жүргізілді.