ТРАНСФОРМЕРЛІК МОДЕЛЬДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ СҰРАҚ-ЖАУАП ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0014nuКілт сөздер:
семантикалық талдау, интеллектуалды жүйе, сұрақ-жауап жүйесі, табиғи тілдерді өңдеу, модель, жасанды интеллектАңдатпа
Бұл мақалада трансформерлік модельдерді қолдану арқылы заңнамалық мәтіндерді өңдеуге арналған интеллектуалды сұрақ-жауап жүйесін әзірлеу қарастырылады. Ұсынылған тәсіл пайдаланушы сұрағы мен нормативтік-құқықтық актілер арасындағы семантикалық ұқсастықты анықтауға негізделген табиғи тілдерді өңдеу әдістеріне сүйенеді. Мәтіндердің векторлық көріністерін қалыптастыру үшін алдын ала оқытылған KazBERT және XLM-RoBERTa трансформерлік тілдік модельдері пайдаланылды. Семантикалық ұқсастық cosine similarity метрикасы арқылы есептеліп, ең сәйкес заңнамалық мәтін фрагменттері экстрактивті әдіс негізінде таңдалып алынады. Жүйе модульдік архитектураға ие веб-негізделген бағдарламалық шешім ретінде іске асырылды. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері корпусында жүргізілген эксперименттік бағалау нәтижелері жүйенің дәлдік (Accuracy), F1-score және жауап беру уақыты көрсеткіштері бойынша қанағаттанарлық нәтижелер көрсететінін дәлелдейді және оны интеллектуалды құқықтық ақпараттық жүйелерді автоматтандыруда қолдануға болатынын көрсетеді.