КЕШЕНДІ МИНЕРАЛИЗАТОРЛАР ҚОСПАЛАРЫМЕН "КАСПИЙ ЦЕМЕНТ" ЖШС ШИКІЗАТ ҚОСПАЛАРЫН КҮЙДІРУ ПРОЦЕСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.02.0007nuКілт сөздер:
шикізат, күйдіру, карбонаттың диссоциациясы, клинкерді күйдіру, минерализаторлар, Бос СаОАңдатпа
Цемент клинкерін күйдіру процестерінің жылу сыйымдылығы жоғары. Бір тонна клинкер күйдіруге 110-130 кг шартты отын жұмсалады. Екінші проблема ол қоршаған ортаға тасталатын зиянды СО2 газы. Бір тонна клинкер күйдіргенде атмосфераға 700-800 кг СО2. бөлінеді. Минерализаторлардың «Каспийцемент» ЖШС шикізат қоспаларының күйдіру процестеріне әсері зерттелді. СаF2 және комплексты қоспалар «СаF2 + фосфогипс» бордың диссоциялану процесінің температурасын 30оС – ға төмендетті. Шикізат қоспаларда клинкерпайдаболу процестер 1400оС-та аяқталды, немесе 50-100оС – қа төмендеді. Байланыспаған бос СаО мөлшері 1,2-2,0% болды. Клинкердің күйдіру процесінің температурасын төмендету және шикізат қоспаның қүрамына түйіршектелген фосфорлы шлакты енгізу атмосфераға тасталатын көмір қышқылды төмендетуге мүмкіндік тұғызады, ластануды азайтады.