НАТРИЙ ПИРОФОСФАТЫ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.02.0006nuКілт сөздер:
натрий пирофосфаты, қақталған сода, бейорганикалық қосылыс, зерттеу жұмысы, жоба, өндіріс, буландыру.Аңдатпа
Мақалада натрий пирофосфатының негізгі физика химиялық қасиеттері, қолданылу аумағы және өндірістің материалды ағымының есебі келтірілген. Натрий пирофосфаты буферлік агент, эмульгатор, диспергатор, су жұмсартқыш, майды кетіру агенті, тот кетіргіш және басқа пирофосфатты өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады.Натрий пирофосфатына сұраныс жоғары болуы себебінен, оны өндіру қажеттілігі негізделген, сонымен қатар технологияны жетілдіру әдістері және соңғы өнімнің сапасын жоғарылату зерттелген. Мақалада қақталған соданы қолдану арқылы натрий үшполифосфатын алудың материалды балансын есептеудің нәтижелері келтірілген. Бұл кезде қосымша өнімнің түзілу мүмкіндігі, олардың сандық көрсеткіштері және таңдалынып алынған әдістері бойынша қоспалардың түрлері негізделген. Натрий пирпофосфатының тағам өндіру өндірістерінде қолданылуына байланысты, алынатын өнімнің қоспа компоненттерінен тазалау әдістері келтірілген.