FASTAPI НЕГІЗІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ ТАКСИГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ

Авторлар

  • Т.Т. Оспанова Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Автор
  • Р.Н. Серіков Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.04.0015nu

Кілт сөздер:

ақпараттық жүйе, қалалық такси, FastAPI, геолокация, PostgreSQL, таратуды оңтайландыру, сандық қызметтер

Аңдатпа

Мақалада қалалық такси қызметіне арналған ақпараттық жүйені әзірлеу және оның негізгі функционалдық мүмкіндіктерін эксперименттік тұрғыда тексеру нәтижелері қарастырылады. Жүйе FastAPI платформасы мен PostgreSQL дерекқорын пайдалану арқылы жүзеге асырылып, пайдаланушыларды тіркеу, тапсырыстарды жасау, жүргізушілерді тағайындау және геолокациялық деректерді нақты уақыт режимінде өңдеу сияқты негізгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Жақын жүргізушіні анықтау үшін геодезиялық қашықтықты есептеу әдісі қолданылып, қалалық жағдайларда жеткілікті дәлдік көрсетті. Жүргізуші мәртебелерін басқару механизмі эксперимент барысында күй өзгерістерінің тұрақты және дұрыс орындалатынын дәлелдеді. Алынған нәтижелер ұсынылған архитектураның тиімділігін растап, оның мүмкін болатын кеңею бағыттарын айқындады. Ұсынылған жүйе қалалық такси сервистерінің толыққанды платформасын әзірлеуге негіз бола алады.

Автор өмірбаяндары

  • Т.Т. Оспанова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

    т.ғ. к., доцент

  • Р.Н. Серіков, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

    магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-25

Журналдың саны

Бөлім

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР