ДЕРМЕНЕ АЛҚАБЫ МЕН ӨСІМДІКТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ЖӘНЕ ЕМДІК ҚАСИЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ

Авторлар

  • А.А. Утебаев М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Л.Д. Айкозова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • К.С. Назаркасым М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Р.К. Сарымзакова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.04.0009nu

Кілт сөздер:

Дермене дәрілік шөбі, фармокомпоненттер, химиялық элементтер, аккумуляция, миграция, ауыр металдар, өсімдік, топырақ, сандық және сапалық құрамы, биохимиялық талдау

Аңдатпа

Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Дермене дәрілік шөптер алқабындағы «топырақ-өсімдік» жүйесіндегі химиялық элементтер мен фармокомпоненттердің қасиеттерін зерттей отырып Дермене алқабы мен өсімдіктің экологиялық жағдайына және емдік қасиеттеріне талдау жасау. Дермене өсімдігі бойындағы дәрілік қасиетті қосылыстарға сипаттама беру. Түркістан аймағындағы емдік қасиеттері бар өсімдіктердің, соның ішіндегі «дермене» өсімдігінің «топырақ-өсімдік» жүйесіндегі химиялық элементтердің сандық және сапалық құрамын анықтау, олардың жинақталуы мен миграциялық қасиеттерін зерттеу және Дармено алқабындағы дәрілік шикізаттың молдығына, немесе тапшылығын ғылыми негіздеу. Өсімдіктердің химиялық құрамын және дәрілік қосылыстардың қасиеттерін талдау, өсімдік кариотипінің өзгерістері, топырақ пен өсімдік құрамынан топырақ құрамын және ауыр металдарды қоса алғанда, химиялық элементтерді анықтау әдістері және топырақты кешенді талдау қарастырылады. Элементтердің Kc (биологиялық жинақталу коэффициенті) мен ПК (полярлық коэффициентін), сондай-ақ өсімдіктің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы дәрілік қоспалардың адам ағзасына енуі нәтижесінде жүретін процестердің ғылыми түсіндірмесі беріледі. Зерттеу жұмысында Дармино алқабының қазіргі жағдайы, ғылыми-зерттеу тақырыбының өзектілігі, дәрілік шөптер мен топырақтың рентгендік микроталдау әдістерін, зерттеу нысаны мен әдістері ретінде пайдалану, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері бағаланып, оның ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын атап өту.

Автор өмірбаяндары

  • А.А. Утебаев, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., доцент

  • Л.Д. Айкозова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., профессор

  • К.С. Назаркасым, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    оқытушы

  • Р.К. Сарымзакова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    х.ғ.д., профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-25

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР