МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Ш.Б. Шадықұл М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • П.А. Кожабекова М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Н.С. Заурбеков М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • А.Б. Баймусаева М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.20nu

Кілт сөздер:

мобильді қосымша, жергілікті(нативный) технология, кросс-платформалық технология, iOS, Xcode, Swift, Android, React Native, Flutter, Ionic, Xamarin, PhoneGap

Аңдатпа

Өздеріңіз білетіндей, мобильді қосымшаларды құрастыру процесіндегі маңызды элементтердің бірі – интеграцияланған құрастыру ортасын дұрыс таңдау, ол тек платформаға ғана емес, сонымен қатар оларды құрастыруға қатысатын мамандардың дайындық деңгейіне және біліктілігіне байланысты. Осы ғылыми мақаланың аясында мобильді қосымшаларды құрастырудың ең танымал және заманауи технологиясы қарастырылады. Бұл мақалада мобильді қосымшаларды құрастыруда қолданылатын жергілікті(нативный) және кросс-платформалық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне жеке - жеке талдау жасалады. Мақалада қарастырылған бағдарламалық жасақтаманы жасау құралдары құрылғының қажетті операциялық жүйесінде орнатылған тәуелсіз бағдарламалық өнімдерді жасауға мүмкіндік береді. Бұл орталар бағдарламалар жазуда арнайы дағдылар мен тәжірибені қажет етпейді және сонымен бірге әртүрлі бағдарламалау тілдерін пайдалана отырып, жоғары сапалы мобильді қосымшаларды жасау мүмкіндігін береді. Талданған мобильді қосымшаны құрастыру технологиялары ретінде келесі технологиялар таңдалды: жергілікті(нативный) және кросс-платформалық.

Автор өмірбаяндары

  • Ш.Б. Шадықұл, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

  • П.А. Кожабекова, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., доцент

  • Н.С. Заурбеков, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.д., профессор

  • А.Б. Баймусаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    магистр, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР