БҮЙРЕК АУРУЛАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФИТОПРЕПАРАТТАР НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.09nuКілт сөздер:
биологиялық белсенді қоспа, фитопрепараттар, фармацевтикалық нарық, нарықтық талдау, отандық өнім, импорттаушы елдер, «КМ-Несептас»Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасы фармацевтикалық нарығында бүйрек ауруларын емдеу және алдын алу кезінде қолданылатын өсімдіктекті дәрілік құралдардың нарығына талдау жүргізілген. Қазақстан Республикасы дәрілік құралдар және медициналық бұйымдардың мемлекеттік реестрі тіркелген өсімдіктекті дәрілік құралдардың саны, оларды импорттаушы елдер мен Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өндірісінде шығарылған дәрілік құралдардың саны анықталды және отандық фармацевтикалық өндірістің көш басындағы өндіріс орындары анықталды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы фармацевтикалық нарығындағы өсімдіктекті дәрілік құралдардың дәрілік түрлеріне де талдау жүргізіліп, нәтижесінде жоғары сұраныстағы дәрілік түр анықталды. Осы өсімдіктекті дәрілік құралдарды баға сегменті бойынша Шымкент қаласындағы дәріханалық ұйымдар бойынша ғаламтор дүкендеріндегі орташа бағаларына маркетингтік талдау жүргізілді.