ЖЕРГІЛІКТІ ӨСІМДІК МАТЕРИАЛДАРЫНАН КЕПТІРІЛГЕН ЖЕМІС ТІЛІМДЕРІН АЛУ

Авторлар

  • А.М. Асанқан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Б.Т. Абдижаппарова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.008nu

Кілт сөздер:

кептіру, алма, аскорбин қышқылы, лимон қышқылы, микробиологиялық қауіпсіздік

Аңдатпа

Бұл мақалада жергілікті өсімдік шикізаты негізінде кептірілген жеміс тілімдерін алу технологиясы қарастырылды. Зерттеу барысында тәжірибе нысаны ретінде алма таңдалып, ол кептіру алдында қышқыл ерітінділерінде өңделді. Атап айтқанда, тілімдер аскорбин қышқылы мен лимон қышқылы ерітінділеріне салынып, кейін инфрақызыл кептіру әдісімен 70°С температурада 5 сағат бойы кептірілді. Жүргізілген микробиологиялық талдаулар нәтижесінде дайын өнімнің санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері бағаланды. КМАФАнМ деңгейі екі үлгіде де 1×10² КОЕ/г шамасында болды, бұл нормативтік талаптан әлдеқайда төмен екені анықталды. Ашытқылар саны аскорбин қышқылы қосылған үлгілерде 8 КОЕ/г, ал лимон қышқылы қолданылған үлгілерде 7 КОЕ/г болып шықты. Зеңдер, БГКП және патогенді микроорганизмдер анықталмады. Деректер қышқылдық өңдеу жеміс тілімдерінің микробиологиялық қауіпсіздігін арттыратынын көрсетті. Лимон қышқылы үлгілердің сақтау тұрақтылығын күшейтсе, аскорбин қышқылы олардың табиғи түсін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері жергілікті шикізатты тиімді пайдаланып, ұзақ сақталатын әрі сапалы кептірілген өнімдер алуға болатындығын дәлелдеді. Ұсынылған технологияны өндірістік ауқымда енгізу шағын және орта бизнес үшін қолжетімді, экономикалық тұрғыдан тиімді әрі экологиялық таза өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • А.М. Асанқан, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    магистрант

  • Б.Т. Абдижаппарова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    т.ғ.к., доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР