КАТАЛИТИКАЛЫҚ КРЕКИНГТІҢ НЕГІЗГІ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.02.011nuКілт сөздер:
Крекинг, реактор, катализатор, регенерация, катализат, технология, орнатуАңдатпа
Қәзіргі кезде еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында шикізатты өңдеу тереңдігін және шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасын арттыру міндеті іске асырылуда. Мұнай өңдеу зауыттарының шығарылатын жеңіл мұнай өнімдерінің сапасы еуропалық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл ретте мұнай өңдеу зауыттарының үдемелі деструктивті каталитикалық процестерінің бірі бензинді көп мөлшерде өндіретін каталитикалық крекинг болып табылады. Сонымен каталитикалық процестерінің тиімділігін арттырумен қатар каталитикалық крекинг қондырғысының мақсатты өнімі бензиннің шығымдылығын арттыру қажет.
Жұмыстың мақсаты - жоғары октанды бензин алу және өңделетін вакуумдық дистилляттың құрылымдық - топтық құрамын ескере отырып, каталитикалық крекинг қондырғысының технологиялық режимін белгілеу.
Ғылыми әзірлеменің нәтижелерін крекинг процесінің тиімділігін жақсарту үшін қолдануға болады, атап айтқанда термокаталитикалық процесс технологиясындағы мотор отындарының максималды шығымдылығын болжау, сондай-ақ жоғары октанды автобензин алу үшін каталитикалық крекинг реакторының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету.