БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАРҒА ҚОЛДАНУҒА  АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ ҚҰРЫЛЫМДЫ ПОЛИМЕРЛІ ГИДРОГЕЛЬДІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

Авторлар

  • Ж.Н. Ержанова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Д.Д. Асылбекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Г.И. Утегенова Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы Автор
  • К.Б. Адиходжаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2024.04.003nu

Кілт сөздер:

жоғары құрылымды, гидрогельдер, биоматериалдар, дәрі-дәрмек жеткізу, өзін-өзі емдеу

Аңдатпа

Қазіргі уақытта технологиялары жоғары дамыған елдерде суда және биологиялық сұйықтықтарда ондаған және жүздеген есе қайтымды ісінуге қабілетті полимерлі гидрогельдер медицинаның әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Кеңістікте өзара байланысқан гидрофильді полимерлер болып табылатын полимер гидрогельдері құнды физикалық, химиялық және медициналық-биологиялық қасиеттердің бірегей жиынтығына ие (кең диапазондағы су мен биологиялық сұйықтықтар үшін реттелетін сорбциялық қабілеті, биоүйлесімділігі, жұмсақ тін тәрізді консистенциясы, үлкен және кіші молекулаларға қатысты өткізгіштігі, улы еместігі және т.б.). Бұл оларды ішкі және ұлпа ішілік протездер (жұмсақ тіндердің, шеміршектердің, сіңірлердің пластикалық хирургиясы және т.б.), көруді түзетуге арналған жанаспалы линзалар, гемоүйлесімді материалдар, жараларды және терінің күйік зақымдануын емдеуге арналған түбегейлі жаңа құралдар, бақыланатын бөлінетін заттар жүйелері және әртүрлі дәрі-дәрмектерді органға тікелей тасымалдау құралдары сияқты диагностикалық мақсатта және т.б. медицинаның көптеген салаларында практикалық қолданудың жоғары тиімділігін анықтайды.

Автор өмірбаяндары

  • Ж.Н. Ержанова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    магистрант

  • Д.Д. Асылбекова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    х.ғ.к., профессор

  • Г.И. Утегенова, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы

    PhD, доцент

  • К.Б. Адиходжаева, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    фармац.ғ.к., доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-18

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР