ТОҚЫМА МАТЕРИАЛДАРЫ ӨНДІРІСІНДЕ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГІН АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.02.007nuКілт сөздер:
тоқыма өндірісі, су ресурстары, экологиялық мониторинг, ақпараттық технологиялар, ластануАңдатпа
Бұл зерттеу тоқыма өнеркәсібінде су ресурстарын пайдаланудың экологиялық тұрғыдан тұрақты болуына және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әдістерін қолдану арқылы мониторингті жүйелі жүргізуге арналған. Тоқыма өндірісі суды көп мөлшерде пайдаланатын салалардың бірі болғандықтан, судың сапасын қорғау және оны үнемді пайдалану өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеуде тоқыма фабрикаларында судың түтініп, ластану деңгейін анықтауға арналған заманауи әдістер, сонымен қатар өндіріс процестерінде суды қайта пайдалану және тазарту технологиялары қарастырылады. Ақпараттық жүйелердің (мысалы, IoT құрылғылары, ақпараттық платформалар, деректерді талдау алгоритмдері) қолданылуы арқылы су ресурстарын нақты уақыт режимінде бақылауға, ластану көздерін тез анықтауға және экологиялық тәуекелдерді азайтуға болады.
Зерттеу нәтижелері тоқыма өнеркәсібінде экологиялық нормаларды сақтауға, суды үнемді пайдалануға және қоршаған ортаны ластанудан қорғауға бағытталған тиімді шешімдерді ұсынады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізіндегі мониторинг жүйелерінің енгізілуі тек экологиялық мәселелерді шешуге ғана емес, сонымен қатар өндірістік шығындарды азайтуға және ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал етеді.
Бұл жұмыс қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулерге, сондай-ақ тоқыма өнеркәсібіндегі тұрақты даму стратегияларын әзірлеуге үлес қосады.