ҮЛКЕН АДРОНДЫ КОЛЛАЙДЕРДІҢ ҒЫЛЫМДАҒЫ МАҢЫЗЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.02.006nuКілт сөздер:
андронды коллайдер, Хиггс базоны, кванттық деңгей, үлкен жарылыс, үдеткіш, бөлшектік үдеткіштерАңдатпа
Бұл мақалада бүкіл әлемде мыңдаған физиктердің элементар бөлшектерінің құрылымы мен өзара әрекеттесуін түсінудің біртұтас тәсілін іздеумен айналысудағы жөнінде ақпараттар мен маңыздылығы айтылады. Бұл пазлдағы соңғы жетіспейтін бөлік, 50 жыл бұрын болжанған және соңғы екі онжылдықта белсенді түрде іздестіріліп жатқан Хиггс бозоны жақында Швейцарияда табылды. Бұл жаңалық физикадағы маңызды жетістік болып табылады, бірақ көпшілігі оның рөлінің маңызын әлі нақты түсінбейді. Хиггс бозоны бөлшектер физикасының стандартты моделінің соңғы бөлігі болып табылады. Оның Әлемге қандай қатысы барын түсіну үшін Стандартты үлгіні әлемдегі барлық нәрсені басқаратын код ретінде қарастырайық. Компьютер коды бірлік пен нөлден тұратыны сияқты, біздің ғаламның коды да адамдар мен ауадан суға, планеталарға, жылуға, тіпті әлеуметтік желілерге дейін барлығын реттейтін заңдардан тұрады. Хиггс бозоны бұл кодта маңызды рөл атқарады, өйткені ол бөлшектердің өз массасын қалай алатынын түсіндіреді.