ВЕБ-КОНТЕНТТЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ МӘТІНДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.01.012nuКілт сөздер:
Веб-контент, Семантика, iOS, Android, Facebook, Instagram, Twitter, машиналық оқытуАңдатпа
Интернеттің негізі - веб-контент, бұл әртүрлі онлайн платформалар арқылы жасалған және таратылатын мәтіндер, суреттер, бейне, аудио элементтерінің жинағы. Ол ойлауымызға, шешім қабылдауымызға және пікір қалыптастыруымызға әсерін тигізеді. Осы орайда веб-контенттің тез таралуымен интернеттің пайдасымен қатар белгілі бір қауіп-қатерлері де бар және әлеуметтік мәселелер туғызады. Сол мәселелердің бірі - веб-контентте қылмыстық мәтіндердің болуы. Ол қылмыстар, заңсыз әрекеттер, зорлық- зомбылық, заңсыз сауда және басқа да келеңсіз құбыл ыстар туралы ақпаратты қамтиды.
2020 жылы жаппай онлайнға көшу нәтижесінде киберқылмыстардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 358%-ға, 2021 жылы онлайн қылмыстар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 125%-ға өсті. Әлемде әр сағат сайын 97 адам деректердің сыртқа шығуының құрбаны болды. 2022 жылдың бастапқы жартыжылдығында 236,1 миллион төлемдік бағдарлама шабуылы тіркелді және әрбір 5-ші ғаламтор пайдаланушысы зиянды сілтемесі бар электрондық пошта хабарламаларын ашты. Сол жылы Meta мобильді пайдаланушылардың Facebook жүйесіне кіру тіркелгі деректерін ұрлауға бағытталған 400-ден астам зиянды iOS және Android қолданбаларын тапты. Осылайша киберқылмыс, алаяқтық, хакерлік шабуылдар және басқа да қылмыс түрлері қоғам үшін күрделі мәселеге айналды.