Журнал туралы

Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде (мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою, қайта есепке алу туралы куәлік 14.12.2017 ж. № 16794-Ж) және сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі халықаралық орталықта - ISSN 2616-6429 болып тіркелген.

Журналдың меншік  иесі "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ болып табылады.

Журнал ресейлік ғылыми дәйексөз индексінің мәліметтер базасында орналастырылған: https://www.elibrary.ru/title_about_new.asp?id=71147 электрондық кітапхана жүйесінде IPR SMART: https://www.iprbookshop.ru/147156.html 
"Қазпошта" АҚ каталогындағы қол қою индексі-76085.
Журналдың Веб-парағы - https://nu.auezov.edu.kz/index.php/nu/index

Журналдың мақсаты: ғылым мен техникадағы жаңа идеяларды, күрделі мәселелерді, жаңа әзірлемелерді және зерттеу нәтижелерін мамандардың үлкен ортасына жеткізу.

Журналда ғалымдардың, оқытушылардың, магистрантдардың және практикалық маңызы бар зерттеулерінің мақалалары жарияланады. Онда келесі салалардағы іргелі және қолданбалы зертеулердің өзекті мәселелері бойынша мақалалары жарияланады:

  • Техникалық ғылымдар
  • Химиялық инжиниринг
  • Компьютерлік ғылымдар және информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары
  • Агроөнеркәсіп кешен

Мақаланы жариялау мүмкіндігі мен орындылығы туралы шешім рецензенттерлің пікірлері мен журналдың редакциялық алқасының шешімі негізінде қабылданады.