ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАНУДЫ НАҚТЫ УАҚЫТ РЕЖИМІНДЕ МОНИТОРИНГТЕУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

Authors

  • П.А. Кожабекова М. Әуезов атындағы ОҚУ Author
  • М.А. Сыздыкова М. Әуезов атындағы ОҚУ Author
  • О.М. Сүлеймен М. Әуезов атындағы ОҚУ Author
  • Ж.Д. Изтаев М. Әуезов атындағы ОҚУ Author

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n15

Keywords:

үлкен деректер, атмосфералық ластану, нақты уақыттағы мониторинг, машиналық оқыту, PM2.5, Apache Spark, Apache Kafka

Abstract

Мақалада үлкен деректерді (Big Data) өңдеу технологияларын пайдалану арқылы атмосфералық ауаның ластануын нақты уақыт режимінде мониторингтеу және болжау жүйесін құру мәселелері қарастырылады. Жүйенің деректерді жинау, тасымалдау, сақтау, өңдеу және визуализациялау кезеңдерінен тұратын архитектурасы сипатталады. Сенсорлар арқылы алынған экологиялық деректерді өңдеуде Apache Kafka және Apache Spark секілді бөлінген есептеу платформаларының тиімділігі талданады. Сонымен қатар машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану арқылы ауа сапасының өзгерісін алдын ала болжау мүмкіндіктері LSTM, Random Forest, XGBoost, LightGBM және гибридті CNN-RNN модельдерінің нәтижелері негізінде көрсетіледі. Жұмыста экологиялық мониторинг жүйелерінің қоршаған ортаның жай-күйін бақылаудағы маңызы айқындалып, атмосфералық ластанудың адам денсаулығына әсерін азайтудағы рөлі қарастырылады. Қазақстан жағдайында мұндай интеллектуалды жүйелерді енгізудің экологиялық қауіпсіздікті арттырудағы, деректерді жедел талдаудағы және басқарушылық шешімдер қабылдаудағы практикалық маңыздылығы негізделеді.

Author Biographies

  • П.А. Кожабекова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., доцент

  • М.А. Сыздыкова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

  • О.М. Сүлеймен, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистр, оқытушы

  • Ж.Д. Изтаев, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    п.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Downloads

Published

2026-06-26

Issue

Section

COMPUTER SCIENCE, INFORMATION TECHNOLOGIES

How to Cite

ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАНУДЫ НАҚТЫ УАҚЫТ РЕЖИМІНДЕ МОНИТОРИНГТЕУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ. (2026). SOUTH KAZAKHSTAN SCIENCE HERALD, 2, 121-129. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n15