ЗАМАНАУИ WEB ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ SEO-ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕУ

Authors

  • С.Б. Атажонова Андижан Мемлекеттік техникалық институты Author

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n10

Keywords:

білім беру платформасы, LMS, веб-технологиялар, Django, Python, модульдік архитектура, деректер модельдері

Abstract

Бұл зерттеу жұмысында біз заманауи веб-технологияларды пайдаланып, өзіміздің авторлық онлайн білім беру платформамызды жобаладық. Негізгі мақсат осы платформаны техникалық тұрғыдан қалай іске асыруға болатынын негіздеу. Қазір цифрлық трансформация кезінде білім беру жүйесі өзгеріп жатыр. Сондықтан біз жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін, көп пайдаланушыға бірдей қызмет көрсете алатын, әрі қауіпсіз LMS (оқытуды басқару жүйесін) құру мәселелерін қарастырдық. Программалық негіз ретінде Python тілі мен Django фреймворкі таңдалды. Модульдік архитектураны ұстандық. Бұл әрбөлікті бөлек жасап, кейін біріктіруге мүмкіндік берді. Платформада пайдаланушылардың үш деңгейін (әкімшілер, авторлар, оқушылар) басқару алгоритмдерін әзірледік. Сонымен қатар, оқу материалдарын иерархиялық құрылыммен яғни курстар, тараулар, сабақтар түрінде ұйымдастыру моделін жасадық. Фронтенд бөлімін Next.js фреймворкінің көмегімен, SSR (Server Side Rendering) технологиясын пайдаланып іске асырдық. Бұл интерфейстің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етті, және SEO-ны да жақсартты. Қауіпсіздік үшін JWT хаттамасы мен Django-ның өзіндік қорғаныс механизмдерін бірге қолдандық. Нәтижесінде біз кешенді бағдарламалық шешім алдық. Ол инклюзивті оқу ортасын құруға, қашықтан оқитын студенттердің әрекетін статистикалық талдауға, және олардың оқу бағытын автоматты түрде бейімдеуге мүмкіндік береді. Практикалық маңызы мынада: біздің үлгімізді нақты білім беру мекемелерінде дербес оқыту жүйесі ретінде орнатуға болады.

Author Biography

  • С.Б. Атажонова, Андижан Мемлекеттік техникалық институты

    Педагогикалық ғылымдар бойынша PhD, "Ақпараттық технологиялар" кафедрасының доценті

Downloads

Published

2026-06-26

Issue

Section

COMPUTER SCIENCE, INFORMATION TECHNOLOGIES

How to Cite

ЗАМАНАУИ WEB ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ SEO-ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫН ӘЗІРЛЕУ. (2026). SOUTH KAZAKHSTAN SCIENCE HERALD, 2, 75-83. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n10