АҚДАЛ ЖӘНЕ АРЫС ТЕРМАЛДЫ СУЛАРЫН КЕШЕНДІ ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n03Keywords:
Ақдала, термалды су, химиялық құрамы, элементтік талдау, иондық құрам, минералды суларAbstract
Мақалада ұсынылған материалдар Ақдала және Арыс елдімекендерден шыққан термалды минералды сулардың кешенді химиялық талдау нәтижелері. Зерттеу нәтижесінде алынған термалды минералды судағы негізгі химиялық элементтердің массалық үлесін анықтау үшін элементтік және иондық талдау қолданылды. Аталған термалды минералды суларда басым элементтер қатарын оттегі, көміртек және кальций бар екені анықталды.Иондық қатардар бойынша карбонатты қосылыстар мен еріген минералды тұздардың айтарлықтай мөлшерін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл термалды сулардың адам физиологиясына әсерін және емдік қасиеттерін анықтайтын макро- және микроэлементтер (Na, Mg, Si, S, Cl, K және Fe) анықталды. Акдала және Арыстермалды су көздерінің химиялық құрамына салыстырмалы талдау жүргізілді. Арыс елдімекеніненалынған термалды суда натрий, магний және күкірттің жоғары мөлшері сипатталса, ал Ақдала елдімекеннен алынған суда кремний мен кальцийдің жоғары мөлшері бар екені көрсетілді. Ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, аталған термалды суларды қолдану мүмкіндіктері ретінде бальнеология, медицина және спа-емдеудеді көрсетуге болады.