АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СЫМСЫЗ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАСАУ ШЕШІМДЕРІ

Authors

  • А.А. Мусабеков М.Әуезов атындағы ОҚУ Author
  • Н.С. Алмас М.Әуезов атындағы ОҚУ Author
  • Д.Н. Тургенбаев М.Әуезов атындағы ОҚУ Author
  • С.Д. Нурмагамбет М.Әуезов атындағы ОҚУ Author

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.n12

Keywords:

автоматтандыру, басқару, желі, технология, инфрақұрылым, шешім, шлюз, деңгей, арна, хабарлама

Abstract

Мақалада өнеркәсіптік кешендерді тиімді басқару мақсатында сымсыз технологияны пайдалануда айрықша орын алатын инфрақұрылым шешімдеріне шолу жасалып, қолайлы нұсқаларына зерттеу жасалған. Келешегі бар сымсыз технологияларды енгізудің арқасында жергілікті жабдықтар мен кабельдік желілерге кететін шығындары азайып, едәуір экономикалық үнемдеуге әкелетіндігі негіздеме берілген. Сымсыз технологияға арналған стандарттар негізінде физикалық және арналық деңгейлерді сипаттайтын сымсыз сенсорлық желілер үшін жасалған технологияларға шолу жалаған, атап айтқанда кез-келген өндірістік желіге бейімделу мүмкіндігі бар пакеттің инкапсуляциясы және сервер арқылы адам-машиналық интерфейс жүйелерінде әр түрлі пакеттерді қолдану шешімдері қарастырылған. Технологиялық үрдістер мен хабарламалардың санаттық қағидаты негізінде сенімді сымсыз тұғырнаманы пайдалану қажеттілігі, жиілік диапазондарды таңдау ерекшеліктері, ақпарат қауіпсіздігі мен шуылға төзімділігі және өңделген хабарламалардың маңыздылығы айқындалған. Сымсыз автоматтандырудың деңгейлік құрылымын негіздеу арқылы жергілікті деңгейге арналған құрылғылар үшін арнайы физикалық интерфейсті, бірегей сымсыз инфрақұрылымның өзара әрекеттесуін, сымсыз желілердің әр түрлі сегменттерін, соның ішінде шлюздерді тиімді пайдалану мақсаттарын, сымсыз архитектура көмегімен таратылған хабарламаларының пішімін, мультимедиалық қызметтерді енгізуді және ақпарат алмасу жылдамдығын қамтамасыз ететін желінің сымсыз өнеркәсіптік инфрақұрылымының нұсқасы ұсынылған.

Author Biographies

  • А.А. Мусабеков, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., доцент

  • Н.С. Алмас, М.Әуезов атындағы ОҚУ

  • Д.Н. Тургенбаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    аға оқытушы

  • С.Д. Нурмагамбет, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    оқытушы

Downloads

Published

2025-09-15

Issue

Section

COMPUTER SCIENCE, INFORMATION TECHNOLOGIES

How to Cite

АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СЫМСЫЗ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАСАУ ШЕШІМДЕРІ. (2025). SOUTH KAZAKHSTAN SCIENCE HERALD, 3, 76-83. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.n12