КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӘДІСТЕР

Authors

  • С.Б. Атажонова Андижан Мемлекеттік техникалық институты Author

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.n09

Keywords:

кадрларды іріктеу, интеллектуалды жүйелер, Random Forest, эксперттік жүйе, машиналық оқыту, HR analytics, психометрия

Abstract

Бұл зерттеуде кадрларды іріктеу процесінде қолданылатын интеллектуалды әдістер қарастырылды. HR analytics үшін кадрлардың жұмысы тиімділігін бақылап, әрбір кадр үшін қолайлы жұмыс ортасын оның қабілеттеріне байланысты қалыптастыру және қажетті шаралар қолдануда дұрыс шешім қабылдау болып табылады. Нақтырақ айтқанда, кадрлармен жұмыс барысында машиналық оқытудағы Random Forest моделі мен ережелерге негізделген эксперттік жүйе арасындағы тиімділік салыстырылды. Зерттеуде лауазым деңгейі, Hard skills, Soft skills және психометриялық көрсеткіштер сияқты төрт негізгі параметр негізінде қызметкердің жұмыс тиімділігі болжанды. Деректер жиыны негізінде Random Forest моделі оқытылып, ал эксперттік жүйе ережелік алгоритмге сүйене отырып құрастырылды. Екі әдісті салыстыру Google Colab ортасында, python тілі негізінде жасалды. Нәтижесінде, машиналық оқыту әдісі жоғары дәлдік көрсетті, ал эксперттік жүйе түсіндірілетіндігімен ерекшеленді.

Author Biography

  • С.Б. Атажонова, Андижан Мемлекеттік техникалық институты

    Педагогика ғылымдары бойынша PhD, "Ақпараттық технологиялар" кафедрасының доценті

Downloads

Published

2025-09-15

Issue

Section

COMPUTER SCIENCE, INFORMATION TECHNOLOGIES

How to Cite

КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ӘДІСТЕР. (2025). SOUTH KAZAKHSTAN SCIENCE HERALD, 3, 57-62. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.n09