ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫ ЕРІТІНДІСІНДЕГІ ҚЫЗЫЛ ФОСФОРДЫҢ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.04.n05Кілт сөздер:
фосфор өндірісі, элементтік фосфор, композиттік электрод, электролиз, хлорид иондары, катализатор, фосфор қосылыстарыАңдатпа
Элементті фосфор электрохимиялық зерттеулер үшін қызықты объект болып табылады. Үшінші периодтың ортасында орналасқан фосфор тотығу және тотықсыздану реакциялары үшін бірдей қабілеттілік көрсетеді. Ұсынылып отырған жұмыста, гальваностатикалық жағдайда тұз қышқылы ерітіндісінді композициялық фосфор-графит электродты пайдаланып, қызыл фосфордың тотығу реакциясын зерттеу нәтижелері берілген. Фосфордың тотығуының ток бойынша шығымына негізгі электрохимиялық параметрлердің: ток тығыздығы және электролит концентрациясының әсерлері зерттеледі. Тотығу процесінің тиімді жағдайлары анықталды. Хлорид иондарының қатысында, белсенді хлордың бәсекеге қабілетті анодты түзілуі орын алатындығы көрсетілді, ол фосфордың тотығу механизмі мен өнімдеріне айтарлықтай әсер етеді. Алынған нәтижелер негізінде анодты поляризация кезінде сулы ерітінділердегі элементті фосфордың гипофосфит-, фосфит- және фосфат-иондарын түзе отырып тікелей тотығатындығы көрсетілді.