ДИСТИЛГИПСТЕН АММОНИЙ СУЛЬФАТЫН ӨҢДЕП АЛУ ПРОЦЕССІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.0002nuКілт сөздер:
қақталған сода, дистилгипс, жартыгидратты кальций сульфаты, аммоний сульфатыАңдатпа
Қақталған сода өндірісінің қалдығы дистиллер шламын және одан алынған дистилгипске сипаттама беріліп олардың құрамы зерттелді. Сода өндірісінің қатты қалдығының құрамы мынадай: СаСО3, Са(ОН)2, СаСl2, NaCl, CaSO4.
Кальций сульфатымен аммоний карбонатының әрекеттесу реакциясына термодинамикалық зерттеулер жүргізілді. Температура 298-1373К аралығында ракцияның Гиббс энергиясы есептеліп кальций карбонаты мен аммоний сульфатының түзілу мүмкіндігіг анықталды.
Зерттеу барысында дистилгипстен аммоний сульфаты және кальций карбонатын алу процессінің тиімді көрсеткіштері: бастапқы шикізатта стехиометриялық шығыны (NH3, CO2) 100%, процесстің жүру уақыты 30-45 минут, процесстің жүру температурасы 70-80ОС анықталды. Бұл жағдайда кальций сульфатының карбонатқа өту дәрежесі 99,7% құрайды.
Құрғақ өнімде 99,61% (NH4)2SO4 және тұнбада 99,98% СаСО3 мөлшері анықталды.
Өнімдегі (NH4)2SO4 және тұнбадағы СаСО3 мөлшері РФА және РЭМ әдістерімен зерттеліп дәлелденді.