TTS ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ LSTM НЕГІЗІНДЕГІ АДАПТИВТІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Авторлар

  • Е.Т. Өмір М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Ж.Д. Изтаев М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • К.Т. Айхынбай М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Ж.Ш. Аширбекова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • З.К. Кушаров Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0021nu

Кілт сөздер:

TTS, сөйлеу синтезі, LSTM, адаптивті оқыту, интеллектуалды оқыту жүйесі, бейімделген білім беру, нейрондық желі, мәтінді дыбысқа түрлендіру

Аңдатпа

Бұл мақалада  мәтінді сөйлеуге түрлендіретін (Text-to-Speech, TTS) технологиялардың қазіргі жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Әртүрлі TTS сервистерінің дыбыстау сапасы, тілдік қолдауы, параметрлік икемділігі және техникалық интеграциялау мүмкіндіктері талданып, олардың білім беру саласында қолданылу әлеуеті көрсетілді. Жүргізілген талдау TTS технологияларының оқу материалдарын дыбыстау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар пайдаланушыларды қолдау және цифрлық оқыту ортасын жетілдіру тұрғысынан маңызды рөл атқара алатынын дәлелдейді. Сонымен қатар жұмыста LSTM (Long Short-Term Memory) нейрондық желісінің архитектурасы мен жұмыс принциптері зерттелді. LSTM моделінің уақыттық тәуелділіктерді тиімді өңдеу қабілеті оның адаптивті оқыту жүйелерінде қолдануға қолайлы екенін негіздейді. Бұл модель оқушының оқу динамикасын талдауға, оның алдыңғы әрекеттерін ескеруге және жеке оқу траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері TTS пен LSTM технологияларын біріктіру заманауи, бейімделген және пайдаланушыға бағдарланған оқыту жүйелерін құрудың перспективалы бағыты екенін көрсетеді және бұл саладағы әрі қарайғы зерттеулерге негіз бола алады.

Автор өмірбаяндары

  • Е.Т. Өмір, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

  • Ж.Д. Изтаев, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    п.ғ.к., қауымдастырылған профессор

  • К.Т. Айхынбай, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистр, оқытушы

  • Ж.Ш. Аширбекова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистр, аға оқытушы

  • З.К. Кушаров, Ташкент мемлекеттік экономикалық университеті

    э.ғ.к., доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР