КАДРЛАРДЫ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІСТЕР МЕН АЛГОРИТМДЕР

Авторлар

  • Ж.Д. Изтаев М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Н.А. Абдусалиев М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • А.К. Алиев М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • А.Т. Калбаева М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Б.Б. Муминов Ташкент мемлекеттік экономика университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0015nu

Кілт сөздер:

кадрларды бағалау, рейтинг жүйесі, AHP, TOPSIS, XGBoost, кіші және орта кәсіпорындар, HR-аналитика, көпкритерийлі шешім қабылдау

Аңдатпа

Бұл мақалада кіші және орта кәсіпорындарда (КжОК) қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыруға бағытталған кадрларды бағалау және рейтингтік жүйені құру тәсілдері қарастырылды. Зерттеудің негізгі мақсаты – персоналды бағалау саласында кең таралған үш әдістің (AHP, TOPSIS және XGBoost) тиімділігін салыстыру және олардың КжОК жағдайында қолданылу мүмкіндігін талдау. Зерттеу барысында ашық HR-аналитика деректер жиыны негізінде критерийлер жүйесі қалыптастырылып, AHP әдісі арқылы бағалау критерийлерінің салмақ коэффициенттері есептелді. TOPSIS әдісі көмегімен көпкритерийлі рейтинг құрылып, қызметкерлердің интегралды бағасы анықталды. Сонымен қатар XGBoost алгоритмі негізінде деректерге сүйенген болжамдық модель құрастырылып, рейтингтің машиналық оқыту арқылы қалыптасу ерекшеліктері қарастырылды. Алынған нәтижелер әдістердің артықшылықтары мен шектеулерін көрсетіп, кіші және орта кәсіпорындарда үшін рейтинг жүйесін енгізуде түсіндірмелілік, енгізу күрделілігі және деректер сапасына тәуелділік факторлары шешуші екенін дәлелдеді. Зерттеу қорытындысы бойынша кіші және орта кәсіпорындарда жағдайында рейтингтік бағалау жүйесін тиімді енгізудің перспективалы бағыты ретінде сараптамалық және деректерге негізделген тәсілдерді біріктіретін гибрид модельдерді қолдану ұсынылады.

Автор өмірбаяндары

  • Ж.Д. Изтаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    п.ғ.к., қауымдастырылған профессор

  • Н.А. Абдусалиев, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистр, оқытушы

  • А.К. Алиев, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

  • А.Т. Калбаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

  • Б.Б. Муминов, Ташкент мемлекеттік экономика университеті

    т.ғ.д., профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР