AРДУИНО ЖӘНЕ УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ СЕНСОРМЕН ҚАШЫҚТЫҚТЫ ӨЛШЕУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0013nuКілт сөздер:
пьезоэлемент, датчик, сигнал, диод, микросерво, макеттік плата, сенсор, электроқозғалтқышАңдатпа
Arduino платформасы әртүрлі сенсорлар мен электронды құрылғыларды біріктіру арқылы көптеген инженерлік, білім беру және практикалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мақалада ультрадыбыстық сенсор арқылы объектілерге дейінгі қашықтықты анықтаудың физикалық принциптері, өлшеу әдістері, сигналдарды өңдеу алгоритмдері және Arduino шағынконтроллерімен бағдарламалық өзара әрекеттесу қарастырылады. Құрылғы робототехникада, автоматтандырылған басқару және бақылау жүйелерінде, қауіпсіздік технологияларында, навигацияда және ақылды құрылғыларды жобалауда қолданылады. Сондай-ақ, жүйе оқу процесінде практикалық дағдыларды қалыптастыруға, инженерлік ойлауды дамытуға және схемотехника мен ендірілген жүйелер принциптерін игеруге ықпал етеді. Байланыс схемасы, калибрлеу және нәтижелерді сериялық порт арқылы шығару сипатталған; қателік көздері, өлшеулердің қайталану шарттары және нақты жағдайларда орнату бойынша ұсыныстар көрсетілген.