КӘСІПОРЫННЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУДЕ LLM ЖӘНЕ RAG МОДЕЛЬДЕРІН ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.0012nuКілт сөздер:
электронды құжат айналымы, EDMS, жасанды интеллект, табиғи тілдерді өңдеу, LLM, RAG моделі, ақпараттық жүйеАңдатпа
Бұл мақалада кәсіпорынның электрондық құжат айналым жүйелерін жетілдіруде жасанды интеллект технологияларын қолданудың теориялық аспектілері қарастырылады. Атап айтқанда, табиғи тілдерді өңдеу саласындағы заманауи бағыттар, Large Language Model және Retrieval-Augmented Generation модельдерінің құжаттық ақпаратпен жұмыс істеудегі мүмкіндіктері талданады. Дәстүрлі электрондық құжат айналым жүйелерінің шектеулері көрсетіліп, оларды семантикалық іздеу және контекстке негізделген ақпаратты ұсыну тәсілдері арқылы жетілдірудің маңыздылығы негізделеді. RAG моделі тілдік модельдердің генерация мүмкіндіктерін нақты құжаттық деректермен біріктіру арқылы жауаптардың нақтылығын арттыратын тиімді тәсіл ретінде сипатталады. Сонымен қатар, бұл технологияларды қолданудың ақпаратты іздеу тиімділігіне, пайдаланушымен өзара әрекеттесуге және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына ықпалы талқыланады. Зерттеу нәтижелері LLM және RAG модельдерін кәсіпорынның электрондық құжат айналым жүйелерін интеллектуалдандырудың перспективалы бағыты ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың болашақта практикалық жүйелерде қолданылу әлеуетін айқындайды.