СОЗАҚ КЕН ОРНЫНЫҢ АС ТҰЗЫН БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСПАЛАРДАН ТАЗАРТУ ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЛИТИЙДІ БӨЛУ

Авторлар

  • А.А. Анарбаев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • А.Т. Амирханова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.04.0003nu

Кілт сөздер:

ас тұзы, натрий хлориді, кальций сульфаты, магний сульфаты, кристалдау

Аңдатпа

Тұздың әлемдік өндірісі 2019 жылы 330 млн.тоннадан асып жаңа жетістікке жетті. Азия елдері 2019 жылы 160 млн.тоннадан астам көлемде ас тұзын пайдаланып, барлық өндірлетін натрий хлоридінің ең ірі тұтынушысы болып табылады. Бұл көрсеткіш аймақтық химиялық және өнеркәсіптік орындарға, сондай-ақ халық санына байланысты. Әлемдік хлор өндірісі 2018 жылғы 72,9 млн.тоннадан 2028 жылы 98 млн. тоннаға дейін немесе орташа есеппен 25,1 млн. тоннаға, жылына шамамен 3% - ға өседі деп болжануда. Сондықтан жоғары таза натрий хлоридіне деген әлемдік нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріске одан әрі жаңа технологияларды енгізу және ас тұзын қоспалардан тазарту әдістерін зерттеу ұсынылады.

Қаныққан ас тұзы ерітінділерінің сулы - тұзды жүйелерінің фазалық тепе - теңдігі 100 - 108,5°С температурадағы Ca және Mg хлоридтері мен сульфаттарының қоспаларының қатысуымен зерттелді және натрий хлоридінің кристалдану аймақтары анықталды. NaCl тазарту және литийді бөлу әдістері жасалды.

Автор өмірбаяндары

  • А.А. Анарбаев, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    т.ғ.к., профессор

  • А.Т. Амирханова , М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-25

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР