SOLIDWORKS БАҒДАРЛАМАСЫМЕН МОЙЫНТІРЕК БӨЛШЕГІНІҢ 3D МОДЕЛІНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ

Авторлар

  • Д.С. Мырзалиев М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • А.Б. Усеров М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Д.А. Абзалова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • К.К. Бернадин М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор
  • Н.Н. Габдулов М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.017nu

Кілт сөздер:

SolidWorks, мойынтірек, 3D модельдеу, компьютерлік зерттеу, инженерлік талдау, жүктеме

Аңдатпа

Бұл мақалада SolidWorks бағдарламалық кешені негізінде мойынтірек бөлшегінің үшөлшемді (3D) моделі жасалып, оған зерттеу жүргізу әдістері қарастырылды. Мойынтірек – айналмалы немесе сызықты қозғалысты жүзеге асыратын бөлшектердің өзара жанасуын қамтамасыз ететін, үйкелісті азайтып, жүктемені қабылдайтын машина бөлшегі. Ол біліктердің немесе басқа да қозғалмалы тетіктердің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алдымен бөлшектің геометриялық пішіні, негізгі өлшемдері мен конструкциялық ерекшеліктері анықталып, нақты параметрлерге сәйкес виртуалды үлгі құрастырылды. Модельдеу барысында компьютерлік инженерлік талдау құралдары қолданылып, бөлшектің жұмыс істеу жағдайларындағы мінез-құлқы зерделенді. Әсіресе жүктеме түсіру кезіндегі кернеу мен деформацияның таралуы, мойынтіректің сенімділігі мен ұзақ мерзімді жұмыс қабілеті бағаланды. Алынған нәтижелер теориялық болжамдармен салыстырылып, модельдің артықшылықтары мен шектеулері көрсетілді. Зерттеу жұмысы инженерлік жобалауда сандық әдістерді қолданудың тиімділігін дәлелдеп, болашақта нақты өндірістік процестерді жетілдіруге негіз бола алады.

Автор өмірбаяндары

  • Д.С. Мырзалиев, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    т.ғ.к., доцент

  • А.Б. Усеров, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    докторант

  • Д.А. Абзалова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    т.ғ.к., доцент

  • К.К. Бернадин, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    магистрант

  • Н.Н. Габдулов, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

    магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР