МАШИНА БӨЛШЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫС БЕТТЕРІН ЛАЗЕРЛІК БЕРІКТЕНДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.03.011nuКілт сөздер:
лазерлік беріктендіру, анодтау, D16 қорытпасы, тозуға төзімділік, микроқұрылым, сәулелену қуаты, модификацияланған қабатАңдатпа
Жұмыста D16 қорытпасының анодталған жабындарын лазерлік модификациялау процестері зерттелді. Лазерлік сәулеленуді қолдану дисперсті беріктендірілген қабатты қалыптастыру арқылы беттің тозуға төзімділігі мен микроқаттылығын арттыруға мүмкіндік беретіні көрсетілді. Анодталған жабындардың құрылымы мен қасиеттеріне лазерлік өңдеу параметрлерінің – импульс энергиясының, қуат тығыздығының және сәулелену нүктесінің жылжуының әсері туралы эксперименттік зерттеулер жүргізілді. Өңдеудің оңтайлы режимдері (E = 5-7,5 кДж, q = 20–30 кВт/см², ∆F = –22 см) тозудың минималды мөлшерін (6-8 мкм) және беріктендірілген қабаттың біркелкі микроқұрылымын қамтамасыз ететіні анықталды. Электронды микроскопия әдістерімен лазерлік әсер ету кезінде аморфты оксид қабатының кристалдануы және тығыз, кеуекті емес құрылымның пайда болуы анықталды. Анодталған жабындардың лазерлік модификациясы тозуға төзімділікті ғана емес, сонымен қатар материалдың коррозияға төзімділігін арттырады, бұл әдісті машина бөлшектері мен механизмдерінің беріктігін арттыруға мүмкіндік береді.