СОЯ СҮТІ НЕГІЗІНДЕ ЙОГУРТТЫҢ САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ

Авторлар

  • З.Т. Нурсеитова М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Г.Ж. Нурынбетова М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • А.А. Турлиева Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі Автор
  • М.С. Шерова М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.02.013nu

Кілт сөздер:

йогурт, соя сүті, диеталық өнім

Аңдатпа

Бұл жұмыста соя сүті негізінде функционалдық қасиеттері жоғары йогурт өндіру технологиясын жасау мәселесі қарастырылған. Соңғы он жылда тамақ өнеркәсібінің алдында тағам өнімдерінің тек қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар адам денсаулығын жақсартуға бағытталған, алдын алу әсері бар функционалды түрлерін жасау міндеті қойылды. Йогурт — сүт қышқылды өнімдердің ішіндегі ең кең таралған түрі болып табылады және бүгінде оның құрамы мен сапасы жетілдіріліп, өнім түрлері әртараптандырылуда.

Зерттеу барысында жануартекті және өсімдіктекті ақуыздарды біріктіру арқылы өнімнің биологиялық құндылығын арттыру жолдары қарастырылды. Нәтижесінде, құрамының 40%-ы соя сүтінен тұратын йогурт сынамасының органолептикалық және физико-химиялық көрсеткіштері оң нәтиже берді және МЕМСТ 31981-2013 стандартына толық сәйкес келді. Атап айтқанда, тәжірибелік үлгінің ақуыз мөлшері бақылау үлгісіне қарағанда 2,5 есе жоғары болғаны анықталды.

Йогурттың тағамдық және энергетикалық құндылығы зерттеліп, соя сүті қосылған үлгінің функционалдық өнім ретінде қарастырылуға лайық екені дәлелденді. Бұл зерттеу сүтті қабылдай алмайтын адамдар үшін балама өнім жасап қана қоймай, сонымен қатар халықты құнарлы әрі профилактикалық әсері бар тағамдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • З.Т. Нурсеитова, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., доцент

  • Г.Ж. Нурынбетова, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    магистр

  • А.А. Турлиева, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі

    өндірістік оқыту шебері

  • М.С. Шерова, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-02

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР