БІЛІМ БЕРУ ПОРТАЛДАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫ ИНТЕРФЕЙСІНІҢ ДИЗАЙНЫН ЖАҚСАРТУ: ИНТУИТИВТІЛІК ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІК

Авторлар

  • Д.Н. Болат М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • А.Т. Калбаева М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • П.А. Кожабекова М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Ғ.Ж. Ельбергенова М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Ж.Д. Изтаев М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2025.01.18nu

Кілт сөздер:

ақпараттық портал, пайдаланушы интефейсі, дизайн, Bootstrap, деректерді өңдеу порталы, интуитивтілік

Аңдатпа

Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту мен цифрлық білім беру платформалары кеңінен қолданылуда, бұл пайдаланушы интерфейсінің қолжетімділігі мен ыңғайлылығына қойылатын талаптарды күшейтеді. Бұл зерттеу білім беру порталдарының пайдаланушы интерфейсін жетілдіру тәсілдерін қарастырады. Ақпараттық жүйелерді жобалау барысында қолжетімділік пен интуитивтілік негізгі факторлар болып табылады, әсіресе білім беру саласында бұл талаптардың орындалуы пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға ықпал етеді. Жасалған веб-қосымшада серверлік өңдеу үшін Laravel фреймворкі, деректерді сақтау және басқару үшін MySQL (phpMyAdmin) жүйесі қолданылды. Пайдаланушы интерфейсін әзірлеуде HTML, CSS, PHP, JavaScript технологиялары пайдаланылды. Адаптивті дизайнды жүзеге асыруда Bootstrap фреймворкі қолданылып, мобильді-алдымен тәсілі негізінде интерфейстің икемділігі қамтамасыз етілді. Жасалған веб-қосымша білім алушылар мен оқытушылар үшін ақпаратқа оңай қол жеткізуді, деректерді өңдеуді және оқу процесін ұйымдастыруды жеңілдетеді, білім алушылардың деректерін өңдеуді автоматтандыруға, оқу материалдары мен студенттік ақпаратты басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Д.Н. Болат, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

  • А.Т. Калбаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к, доцент

  • П.А. Кожабекова, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к, доцент

  • Ғ.Ж. Ельбергенова, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    магистр, аға оқытушы

  • Ж.Д. Изтаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    п.ғ.к., доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-05

Журналдың саны

Бөлім

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИЯЛАР