ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАНУДЫ НАҚТЫ УАҚЫТ РЕЖИМІНДЕ МОНИТОРИНГТЕУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

Авторы

  • П.А. Кожабекова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • М.А. Сыздыкова М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • О.М. Сүлеймен М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Ж.Д. Изтаев М. Әуезов атындағы ОҚУ Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n15

Ключевые слова:

үлкен деректер, атмосфералық ластану, нақты уақыттағы мониторинг, машиналық оқыту, PM2.5, Apache Spark, Apache Kafka

Аннотация

Мақалада үлкен деректерді (Big Data) өңдеу технологияларын пайдалану арқылы атмосфералық ауаның ластануын нақты уақыт режимінде мониторингтеу және болжау жүйесін құру мәселелері қарастырылады. Жүйенің деректерді жинау, тасымалдау, сақтау, өңдеу және визуализациялау кезеңдерінен тұратын архитектурасы сипатталады. Сенсорлар арқылы алынған экологиялық деректерді өңдеуде Apache Kafka және Apache Spark секілді бөлінген есептеу платформаларының тиімділігі талданады. Сонымен қатар машиналық оқыту алгоритмдерін қолдану арқылы ауа сапасының өзгерісін алдын ала болжау мүмкіндіктері LSTM, Random Forest, XGBoost, LightGBM және гибридті CNN-RNN модельдерінің нәтижелері негізінде көрсетіледі. Жұмыста экологиялық мониторинг жүйелерінің қоршаған ортаның жай-күйін бақылаудағы маңызы айқындалып, атмосфералық ластанудың адам денсаулығына әсерін азайтудағы рөлі қарастырылады. Қазақстан жағдайында мұндай интеллектуалды жүйелерді енгізудің экологиялық қауіпсіздікті арттырудағы, деректерді жедел талдаудағы және басқарушылық шешімдер қабылдаудағы практикалық маңыздылығы негізделеді.

Биографии авторов

  • П.А. Кожабекова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    т.ғ.к., доцент

  • М.А. Сыздыкова, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистрант

  • О.М. Сүлеймен, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    магистр, оқытушы

  • Ж.Д. Изтаев, М. Әуезов атындағы ОҚУ

    п.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Опубликован

2026-06-26

Выпуск

Раздел

ИНФОРМАТИКА, IT-ТЕХНОЛОГИИ

Как цитировать

ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЛАСТАНУДЫ НАҚТЫ УАҚЫТ РЕЖИМІНДЕ МОНИТОРИНГТЕУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ. (2026). ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА, 2, 121-129. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.02.n15