АДЫРАСПАН ШИКІЗАТЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП СУППОЗИТОРИИЙ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

Авторы

  • З.А. Сманова М.Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.n08

Ключевые слова:

Адыраспан, гармалин, тритерпен, алкалоид, эфир майлары, экстракция, суппозитории

Аннотация

Қазақстан аумағында алты мыңнан астам өсімдік түрі өседі, олардың шамамен бес жүзге жуығы дәрілік өсімдіктер қатарына жатады. Зерттеу нысаны ретінде дәрілік өсімдіктердің бірі — кәдімгі адыраспан таңдап алынды. Жұмыс барысында оның фармакологиялық қасиеттері туралы ғылыми мәліметтер қарастырылып, өсімдіктің химиялық құрамына талдау жүргізілді. Адыраспанның тамыр бөлігін диагностикалық зерттеу және өсімдік шикізатын сәйкестендіру нәтижесінде оның құрамында алкалоидты қосылыстардың бар екендігі анықталды.

Зерттеу процесінде аталған өсімдіктен алкалоидтар кешенін бөліп алудың тиімді және оңтайлы шарттары белгіленді. Гармин алкалоидтарын анықтау жұқа қабатты хроматография әдісі арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша алкалоидтарды ең жоғары шығыммен алу үшін оларды адыраспан өсімдігінің тұқымынан күкірт қышқылының қатысуымен экстракциялау тиімді екендігі анықталды.

Сонымен қатар кәдімгі адыраспан өсімдігінен алынған экстракт негізінде какао майын қосу арқылы суппозиторийлер дайындау технологиясы жасалды. Дәрілік түр қолмен араластыру әдісі арқылы дайындалды. Бұдан бөлек, алынған препараттың негізгі сапа көрсеткіштерін анықтауға бағытталған зерттеулер жүргізілді.

Биография автора

  • З.А. Сманова, М.Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті

    х.ғ.д., профессор

Опубликован

2026-03-20

Выпуск

Раздел

ХИМИЧЕСКИЙ ИНЖИНИРИНГ

Как цитировать

АДЫРАСПАН ШИКІЗАТЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП СУППОЗИТОРИИЙ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ. (2026). ВЕСТНИК НАУКИ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА, 1, 59-67. https://doi.org/10.54251/2616-6429.2026.01.n08